14.08.2023 | 19:55

Қазақстан ТМД елдерінің ІІ ойындарын жалпы есепте 5-орында аяқтады

Бүгін Беларусь мемлекетінде ТМД елдерінің II ойындары аяқталды, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Он күн бойы Беларусьтің 11 қаласында – Минск, Борисов, Брест, Витебск, Гомель, Гродно, Жлобин, Могилев, Молодечно, Орша және Солигорскте 22 елдің атлеттері 20 спорт түрінен 246 жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Қазақстан атынан 14 спорт түрінен (еркін күрес, әйелдер күресі, грек-рим күресі, баскетбол, дзюдо, жағажай волейболы, жеңіл атлетика, жүзу, каратэ WKF, көгалдағы хоккей, көркем гимнастика, қазіргі бессайыс, нысана көздеу, самбо) 150 спортшы қатысып, құрамамыз 53 медальмен (7 алтын, 14 күміс, 32 қола) жалпы есепте 5-орын иеленді. 1-орында Ресей (149 алтын, 89 күміс, 50 қола), 2-орында Беларусь (48 алтын, 78 күміс, 110 қола). Үздік үштікті Өзбекстан (28 алтын, 25 күміс, 53 қола) түйіндеді.  

Назарларыңызға Қазақстан спортшыларының ТМД елдерінің II ойындарында көрсеткен нәтижелерін ұсынамыз:

Дзюдо: 2 күміс, 2 қола

Күміс - Нұргелді Қанат 60 кг

Күміс - Командалық жарыс

Қола - Сайын Алдияр 90 кг

Қола - Алихан Назымханов +90 кг

Еркін күрес: 3 күміс, 3 қола

Күміс - Ерасыл Мұхтарұлы 57 кг

Күміс - Арсен Умиржанов 79 кг

Күміс - Мақсат Сатыбалды 86 кг

Қола - Омархан Надиров 125 кг

Қола - Асылзат Сағымбай 57 кг

Қола - Анастасия Панасович 76 кг

Көркем гимнастика: 1 қола

Командалық жарыс: Милана Парфилова, Эрика Жайлауова, Диана Мендыбаева, Кристина Чепульская, Жасмин Джунусбаева, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова  

Жеңіл атлетика: 1 күміс, 6 қола

Күміс - Дмитрий Спаский 600 метрге жүгіру

Қола - Ангелина Шрубянец 60 метрге жүгіру

Қола - Дмитрий Спаский 2000 метрге жүгіру

Қола - Алиса Исаева ұзындыққа секіру (5, 32 м)

Қола - Ангелина Шрубянец 60 метрге кедергілермен жүгіру  

Қола - Андрей Ким ұзындыққа секіру (5,97 м)

Қола - Аралас эстафета 4х200 м  

Нысана көздеу: 2 қола

Қола - Ерлер құрамасы: 25 метрден тапаншадан тез ату

Қола - Әйелдер құрамасы: 50 метрден кіші калибрлі винтовкадан ату

Жүзу: 2 алтын, 5 күміс, 8 қола

Алтын - Максим Сказобцов 100 м баттерфляй

Алтын - Егор Попов 100 м арқамен жүзу

Күміс - Ерлер құрамасы 4х100 м эстафета, еркін стиль

Күміс - Дария Токтобаева  200 м аралас жүзу

Күміс – Ерлер құрамасы 4х100 м аралас эстафета

Күміс -  Егор Попов 200 м арқамен жүзу

Күміс - Анастасия Ермакова 400 м жекелей жүзу

Қола - Анастасия Ермакова 200 м аралас жүзу

Қола - Әйелдер құрамасы 4х100 м аралас эстафета⠀

Қола - Әйелдер құрамасы 4х100 м эстафета, еркін стиль

Қола - Нұрдавлят Әбжапаров 50 м еркін әдіспен жүзу

Қола – Қазақстан құрамасы аралас эстафета 4х100 м еркін стиль

Қола - Максим Сказобцов 100 м арқамен жүзу

Қола - Дария Токтобаева 200 м баттерфляй

Қола - Қазақстан құрамасы аралас эстафета 4х100 м

Қазіргі бессайыс: 1 күміс, 1 қола

Күміс - Әйелдер құрамасы эстафета

Қола - Ерлер құрамасы

WKF каратэ : 3 алтын, 1 күміс

Алтын - Лия Қошқарбаева ката

Алтын - Николь Ценгель кумите 61 кг

Алтын - Лаура Аликул кумите 68 кг

Күміс - Әбілмансұр Батырғали кумите 75 кг

Самбо: 2 алтын, 1 күміс, 6 қола

Алтын - Жасұлан Нариманов 58 кг

Алтын - Арнұр Қуатай 71 кг

Күміс - Арайлым Абенова +80 кг

Қола - Еламан Қойшыбаев 88 кг

Қола - Айжан Жылқыбаева 50 кг

Қола - Шынар Абатова 72 кг

Қола - Гүлдана Әлмұханбетова 54 кг

Қола - Аружан Сатова 65 кг

Қола - Азман Алаева 80 кг

Көгалдағы хоккей: 2 қола

Ерлер құрамасы

Әйелдер құрамасы

Волейбол: 1 қола

Әйелдер құрамасы

Айта кетейік, келесі, яғни ТМД елдерінің III ойындары 2025 жылы Әзербайжанда өтеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес