25.05.2024 | 11:19

Қазақстан топта 2-ойында жеңіске жетті

Қазақстан әйелдер құрамасы Филиппин астанасы Манилада өтіп жатқан волейболдан Challenge Cup турнирінде кезекті матчта қарсыластан басым түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл жолы Ришат Гилязутдинов баптайтын біздің команда Индонезия ойыншыларына еш мүмкіндік берген жоқ. Есеп: 25-17, 25-13, 25-22.

Біздің команда алғашқы турда Сингапурды сенімді ұтқан (3-0). Кеше Вьетнам волейболшыларына 1-3 есебімен жол берді.

Айта кетейік, В тобында Қазақстанмен бірге Индонезия, Вьетнам, Сингапур, Қытайдың Гонконг командасы бар. Ал А себетінде Филиппин, Қытайдың Тайпейі, Үндістан, Иран мен Аустралия өзара үздіктерді анықтап жатыр.

Біздің команда ертең таңертең Гонконгпен шеберлік байқасады. Егер жеңіске жетсе, турнирдің жүлдесіне таласатын мүмкіндігі бар. Бәсекені Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Сурет: Азия волейбол қауымдастығы.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес