13.06.2022 | 19:12
Бөлісу:
Қазақстан волейболшылары Азия чемпионатында 6-орын алды
Таиландтың Накхон Патом қаласында 18 жасқа дейінгі қыздар арасында волейболдан Азия чемпионаты аяқталды. Бүгін Қазақстан құрамасы 5-орын үшін болған матчта Қытайдың Тайбэйінен ұтылып қалды. Есеп: 3-0 (25-19, 25-13, 25-17). Айта кетейік, екі құрама 6 маусымда В тобының алғашқы турында ойнап, біздің қыздар 1:3 есебімен жол берген.
Әділет Тәкенов баптайтын аруларымыз В тобында Филиппин (3:0) мен Үндістаннан (3:1) келген құрбыларын ұтқанымен, Жапония мен Қытайға қауқар таныта алмады (0:3). Ал плей-оффта Ираннан басым түсіп (3:0) 5-орын үшін таласуға мүмкіндік алды.
Финалға шыққан Қытай мен Жапония, 3-орынды сарапқа салатын Оңтүстік Корея мен Таиланд құрамасы келесі жылы өтетін 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатына құрлық атынан қатысады.
Чемпионат нәтижесі:
7-орын – Иран
8-орын – Өзбекстан
9-орын – Филиппин
10-орын – Үндістан
Естеріңізге сала кетейік, биыл 14-рет ұйымдастырылған бәсекеге 11 құрама жиналды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықАЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: «ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫ 4-ОРЫН АЛДЫ
«ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫ 3-ОРЫНҒА ТАЛАСАДЫ
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР 3-ОРЫНҒА ТАЛАСАДЫ
Challenge Cup: Қазақстан күміс жүлдеге ие болды