26.07.2022 | invalid

Қазақстандық жас спортшылар VII «Азия балалары» ойындарына аттанды

27 шілде мен 8 тамыз аралығында Ресей Федерациясының Владивосток қаласында VII «Азия балалары» халықаралық спорт ойындары өтеді. Осы аралықта 12 елден келген 1355 өрен 19 спорт түрінен 273 медаль жиынтығын сарапқа салады. Бұл қатарда Қазақстан делегациясы 2 спорт түрі – дзюдо мен таэквондодан спортшы апарды.

Біздің таеквондошылар: Ерзат Қаналбаев, Абдулла Әбілқасым, Елнұр Мұратхан, Асылжан Қапашев, Аяжан Сапархан, Дария Манасқызы; Жалғас Бекқасымов – бапкер.

Біздің дзюдошылар: Елжан Серікбол, Бейбарыс Асқарұлы, Мұхамедәлі Закиров, Ержігіт Дәулет, Досбол Балғабай, Расул Мұқым, Әлихан Назымханов, Зере Өтепқали, Гүлхан Шыңғысхан, Дамеля Асылханова, Тасним Абдуали, Сагира Әділ, Қарлығаш Тельман, Әлия Ходжаназарова; Бақытжан Төребеков, Самат Сапишев – бапкер.

Айта кетейік, Қазақстан, сондай-ақ Моңғолия мен Қырғыз Республикасы барлық ойындарға қатысқан елдер.

«Азия балалары» халықаралық спорт ойындары төрт жылда бір өтеді. Алғаш рет 1996 жылы қазіргі олимпия ойындарының бастау алғанына 100 жыл толуына орай Саха (Якутия) Республикасының Президенті Михаил Николаевтың бастамасымен ұйымдастырылды. Осы уақытқа дейін сары құрлықтағы 30-дан астам елдің жас спортшылары келіп, бақ сынасты. Ойындар 2019 жылдан бері жазбен қатар қыста да өтеді.

Ойындардың мақсаты:

– балалар мен жастар арасында Олимпиада қозғалысының танымалдығын арттыру;

– балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау;

– Азия және Тынық мұхиты елдері арасындағы достықты, әріптестікті нығайту;

«Азия балалары» халықаралық спорт ойындарының бас төрешісі – көркем гимнастикадан 3 дүркін әлем чемпионы, Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы Татьяна Горбунова.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес