02.03.2023 | 20:49

Щучинскте биатлоннан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды

Бүгін Бурабай өңірінде жасөспірімдер мен жастар арасында биатлоннан әлем чемпионатының ашылуы өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов, Спортты дамыту дирекциясының директоры Оралбай Жақсымбетов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев пен Халықаралық биатлоншылар одағының (IBU) жаңа президенті Олле Далин қатысты. Ашылу салтанатында алғаш болып сөз сөйлеген Сәрсен Құранбек жарыс жолына шыққан жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, мұндай чемпионат елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Онда 41 мемлекеттен 500-ге жуық спортшы күш сынасады.

Жарыстың толық кестесі мынадай:

4 наурыз – аралас эстафета;

5 наурыз – жекелей сын (жасөспірімдер);

6 наурыз – жекелей сын (жастар);

7 наурыз – эстафета (жасөспірімдер);

8 наурыз – (жастар);

9 наурыз – ресми жаттығулар (жастар, жасөспірімдер);

10 наурыз – спринт (жасөспірімдер);

11 наурыз – спринт (жастар);

12 наурыз – із қуу жарысы (жастар, жасөспірімдер).

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес