18.07.2024 | 18:55

ШЫҢҒЫС ШОҚПЫТОВ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН СПАРТАКИАДАДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы дәстүрлі Спартакиадада ұлттық спортымыз қазақ күресінен үздіктер анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

74 кг:

1.Бекбол Әбуов (Атырау облысы)

2.Әлнұр Құлнияз (Ақтөбе облысы)

3.Азамат Қаныбек (Түркістан облысы)

3.Бейбіт Табиғатов (Абай облысы)

82 кг:

1.Темірлан Ғаббасов (БҚО)

2.Диас Зиябек (Түркістан облысы)

3.Жандос Саматов (Маңғыстау облысы)

3.Руслан Жаңабай (Алматы облысы)

90 кг:

1.Жасұлан Ибраев (Ұлытау облысы)

2.Қадыр Қажыгелді (Абай облысы)

3.Асылбек Жазықбай (Маңғыстау облысы)

3.Нұржан Шәпи (Қызылорда облысы)

+90 кг:

1.Шыңғыс Шоқпытов (Ақтөбе облысы)

2.Асылжан Жанғалиев (БҚО)

3.Ренат Қанатов (Павлодар облысы)

3.Олжас Бейсен (Жамбыл облысы)

Жалпы есеп:

1.Атырау облысы

2.Ақтөбе облысы

3.БҚО.

Айта кетейік, аса ауыр салмақта алтыннан алқа таққан Ақтөбе облысы Спорт және дене шынықтыру басқармасы басшысының орынбасары Шыңғыс Шоқпытов «Қазақстан Барысы» турниріне 2 рет (2013, 2015 жылы) қатысқан.

«Бүгін бозкілемде 4 белдесу өткізіп, бәрінде қарсыласымды таза жықтым. Былтыр Талдықорғанда өткен Спартакиадада күміс алғанмын. Биыл есе қайтарып топ жарып тұрмын»,-деді Шыңғыс Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Ал атыраулық Бекбол Әбуов жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы дәстүрлі Спартакиадаға осымен 3-рет қатысып, тағы топ жарып тұр.

Ақтөбедегі Спартакиадада осымен үстел теннисі, гір тасын көтеру жүзу мен қазақ күресінен жарыс аяқталды. Алдағы күндері тоғызқұмалақ, шахмат, волейбол мен шағын футболдан мықтылар белгілі болады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес