19.05.2022 | invalid

«Тараз» волейбол клубы финалға шыға алмады

Иран астанасы Тегеран қаласында волейболдан ерлер клубы арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Санаулы сәттер бұрын жартылай финалда ел чемпионы «Тараз» 7 дүркін Азия чемпионы «Тегеран Пейкан» командасынан жеңіліп қалды. Қорытынды есеп: 16–25, 21–25, 25–22, 17–25.

Қазақстан клубы В тобына түсіп, 3 матчтың екеуін жеңіп, топтан шыққан. Кеше ширек финалда Таиландтың «Нахон Ратчасима» клубынан басым түскен. Ойынның есебі: 25–15, 22–25, 25–17, 25–18.

Енді Әулиеата өңірінің командасы Иранның «Шахбад Язд» және Жапонияның Suntory Sunbirds матчында жеңілген клубпен 3-орынды сарапқа салады. Сәл ертеректе «Нахон Ратчасима» 5-орын үшін болған кездесуде жеңіске жетті.

Біздің анықтама:

Волейболдан ерлер клубтары арасындағы Азия чемпионаты 1999 жылдан бастап жыл сайын өтеді. Осы аралықта тек 2 рет (2003 пен 2020 ж) індетке байланысты ұйымдастырылмаған. Құрлық чемпионы клубтар арасындағы жаһандық бəсекеде Азияның атынан өнер көрсетеді.

«Пайкан Тегеран» – клубтар арасындағы Азия чемпионатында ең көп – 7 рет жеңіске жеткен клуб. Жалпы аталған додада Иран клубтары 15 рет дес бермеген. Қазақстан бұл жағынан 4-сатыда (бір алтын, 4 күміс). Былтырғы жеңімпаз «Фулад Сирджан» (Иран).

Бүгінге дейін Азия чемпионатында алтын алған жалғыз Қазақстан клубы – «Рахат ЦСКА» (Пәкістан, 2005 ж). Оның алдында «Атырау» командасы 2 мәрте үздік үштікті түйіндеген.

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес