18.05.2022 | 09:17

«Тараз» волейбол клубы жартылай финалға шықты

Иран астанасы Тегеранда волейболдан ерлер клубы арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін ел чемпионы «Тараз» Таиландтың «Нахон Ратчасима» клубын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Есеп 25–15, 22–25, 25–17, 25–18. Матчта Михаил Устинов жақсы өнер көрсетіп, 20 ұпай жинады.

Енді Әулиеата өңірінің командасы «Тегеран Пейкан» (Иран) мен «Эрбиль» (Ирак) арасындағы жеңімпазбен финал финал жолдамасы үшін таласады. Ал «Нахон Ратчасима» осы жұпта жеңілген клубпен ойнайды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес