11.09.2023 | 08:23

Тарихи финал! Қазақстан әлем чемпионы атағына таласады

Қазақстан әйелдер құрамасы Францияны сенімді жеңіп (4-0), алғаш рет шахматтан командалық әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама сапындағы Бибісара Асаубаева, Әмина Қайырбекова, Меруерт Камалиденова мен Алуа Нұрманова осылайша сенсация жасады.

Қазақстан мен Грузия арасындағы финал 11 қыркүйек елорда уақытымен сағат 18:00-де басталады. Бұл матчтың нәтижесіне қарамастан Қазақстан командалық әлем чемпионатында жүлде жүлде алған 6 мемлекеттің бірі болады. Қазақстан бұған дейін ширек финалдан ары аса алмаған еді.

Айта кетейік, шахматтан IX командалық әлем чемпионаты Польшаның Быдгощ қаласында өтіп жатыр.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес