10.08.2023 | 11:31

ТМД елдерінің II ойындары: еркін күрес шеберлері 4 медаль жеңіп алды

Беларусь Республикасының Солигорск қаласында өтіп жатқан ТМД елдерінің II ойындарының еркін күрестен бәсекесінде Қазақстан құрамасы 3 күміс және бір қола медальге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Финалға дейін сүрінбей жеткен Ерасыл Мұхтарұлы (57 кг), Арсен Өміржанов (79 кг) пен Мақсат Сатыбалды (86 кг) қарсыласына жол берді. Ал аса ауыр салмақтағы Омархан Надиров (125 кг) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, бозкілем шеберлерінің бәсекесі 13 тамызда аяқталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес