09.08.2023 | 22:26

ТМД елдерінің II ойындары: мергендер қоржынға 2 жүлде салды

Бүгін ТМД елдерінің II ойындарында Қазақстан құрамасы нысана көздеуден 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Кіші калибрлі винтовкамен 50 метрден үш позицияда атудан әйелдер құрамасы Ресей мен Беларусь спортшылары есе жіберді. Команда сапында Әлия Аушамова, Әмина Амантаев, Лилия Гилева өнер көрсетті.

Ал тапаншамен 25 метрден жылдам нысана көздеуде еліміздің ерлер құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Біздің құрама қатарында Кирилл Федкин, Ярослав Махнев, Кирилл Цуканов сынға түсті. Мұнда да бас жүлдені ресейліктер жеңіп алса, Беларусь күміс жүлдегер атанды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес