09.08.2023 | 08:46

ТМД елдерінің II ойындары: жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы тағы 1 күміс 3 қола медаль жеңіп алды

Бүгін ТМД елдерінің II ойындарында жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшылары сәтті өнер көрсетіп, Ұлттық құрама қоржынына кезекті жүлделерді салды, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Дмитрий Спаский 600 метрге жүгіруде мәре сызығын екінші болып кесті (1.25,56 секунд). Ангелина Шрубянец 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруде үздік үштіктен көрінді. Оның уақыты – 9,18. Ал Андрей Ким ұзындыққа секіруден 5,97 метр көрсеткішімен қол медальге қол созді.

Сонымен қатар, аралас эстафетада (4*200 м) Қазақстан құрамасы үшінші орын иеленді. Команда құрамында Юлия Демкина, Андрей Ким, Ангелина Шрубянец және Дмитрий Спаский жарысты.

Осылайша, жалпы есепте жеңіл атлеттер 1 күміс және 6 қола медаль иеленіп, жарыс жолын аяқтады.

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес