15.01.2023 | invalid

Вадим Куралес Универсиадада алғашқы алтынды қоржынға салды

Санаулы сәттер бұрын АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан XXX қысқы Универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті. Қуанышымызға орай, алтын медаль!

Биатлоншы Вадим Куралес 15 шақырымға жекелей жарыста қарсылас шақ келтірген жоқ. Қазақстандық мәреге 42:37.4 секундта келді. Нысана көздеу кезінде 2 рет мүлт кетіп, қосымша уақыт қосылды.

Күміс жүлдегер норвегиялық Орджан Мосенг жеңімпаздан 42,6 секунд қалып кетті (43:20.0). Үздік үштікті француз Аксель Гарнье (43:53.9) түйіндеді.

Тағы бір қазақстандық Александр Мухин (44:48,9) 6-сатыға, Кирилл Бауэр 18-ші, Бекентай Тұрлыбеков 19-сатыға тұрақтады. Барлығы жарыс жолына 37 биатлоншы шықты.

Қазір Қазақстан жалпы есепте 1 алтынмен Канада екеуі 6-орынды бөлісіп тұр.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес