07.06.2022 | 16:44

Волейбол: Қазақстан құрамасы Филиппинді айқын басымдықпен жеңді

Таиландтың Накхон Патом қаласында 18 жасқа дейінгі қыздар арасында волейболдан Азия чемпионаты басталды. Биыл 14-рет ұйымдастырылған бәсекеде 11 елдің ұшпа доп шеберлері кім мықтыны анықтап жатыр. Қазақстан құрамасы Жапония, Үндістан, Қытай, Филиппин, Қытайдың Тайбэйімен бірге В тобына түсті. Ал А тобында Өзбекстан, Таиланд, Иран, Аустралия мен Оңтүстік Корея шеберлік байқасады.

Бәсекенің алғашқы күні Әділет Тәкенов баптайтын біздің қыздар Қытайдың Тайбэйіне 1:3 есебімен жол берген. Ал бүгін Филиппиннен келген құрбылары 3:0 есебімен жеңді. Осы матчта Ұлттық құрамаға ең көп ұпайды Аяулым Тұрдыханова, Аружан Беркімбай мен София Горбачева (әрқайсы 10 ұпайдан) алып келді. Қарсылас қатарынан Виан Роуз Альмендралехо 9 рет нәтижелі қимылымен көзге түсті. Қазір В тобында Қытай мен Үндістаннан басым түскен Жапония қыздары көш бастап тұр. Ертең Қазақстан құрамасы Үндістанмен ойнайды. Сосын 9 маусымда Жапониямен, 10 маусымда Қытаймен кездеседі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес