17.05.2022 | 11:42
Бөлісу:
Волейбол: «Тараз» ширек финалда Таиланд клубымен ойнайды
Иран астанасы Тегеранда волейболдан ерлер клубы арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Биыл сары құрлық бәсекесінде Қазақстан намысын «Тараз» командасы қорғайды.
Әулиеата өңірінің ұшпа доп шеберлері В тобына Катардың «Әл-Раян», Ирактың «Эрбиль», Иранның «Шахбад Язд» командасымен түсті. А тобында «Тегеран Пейкан» (Иран), «Нахон Ратчасима» (Таиланд), South gas sports (Ирак) пен Suntory Sunbirds (Жапония) бар.
Чемпионаттың алғашқы күні, 14 мамырда «Тараз» «Әл-Раянмен» шеберлік байқасып, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ал ертесіне «Эрбилді» (3:0) еш қиналмай ұтты. Алайда Қазақстан клубы кеше, соңғы турда «Шахбад Яздқа» (1:3) есе жіберіп алды. Бұған қарамастан отандық команда В тобында 2-орын алып, плей-оффқа шықты. Енді ертең ширек финалда А тобында 3-орын алған Таиланд клубымен ойнайды. Жартылай финал 19 мамырда, финал 20 мамырда өтеді.
Біздің анықтама:
Волейболдан ерлер клубтары арасындағы Азия чемпионаты 1999 жылдан бастап жыл сайын өтеді. Осы аралықта тек 2 рет (2003 пен 2020 ж) індетке байланысты ұйымдастырылмаған. Құрлық чемпионы клубтар арасындағы жаһандық бəсекеде Азияның атынан өнер көрсетеді.
«Пайкан Тегеран» – клубтар арасындағы Азия чемпионатында ең көп – 7 рет жеңіске жеткен клуб. Жалпы аталған додада Иран клубтары 15 рет дес бермеген. Қазақстан бұл жағынан 4-сатыда (бір алтын, 4 күміс). Былтырғы жеңімпаз «Фулад Сирджан» (Иран).
Бүгінге дейін Азия чемпионатында алтын алған жалғыз Қазақстан клубы – «Рахат ЦСКА» (Пәкістан, 2005 ж). Оның алдында «Атырау» командасы 2 мәрте үздік үштікті түйіндеген.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықАЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: «ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫ 4-ОРЫН АЛДЫ
«ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫ 3-ОРЫНҒА ТАЛАСАДЫ
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР 3-ОРЫНҒА ТАЛАСАДЫ
Challenge Cup: Қазақстан күміс жүлдеге ие болды