27.01.2024 | 18:16
Бөлісу:
Жасөспірімдер Олимпиадасының 8-күніне шолу
Бүгін Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында өтіп жатқан қысқы спорт түрлерінен IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының 8-жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Таңертең фристайл-могул бәсекесінде қос атлетіміз үздік ондыққа кірді. Параллель жарыста Юлия Феклистова 10 балл жинап, 9-сатыға жайғасса, Денис Раструба 10-орынға табан тіреді. Қыздар арасында Элизабет Лемли (АҚШ) топ жарды. Лотти Лодж (Канада) күміс, Эбби Макларнон (АҚШ) қоланы мойнына тақты. Ұлдар арасында Оңтүстік Корея өкілі Син Юнг Ли чемпион атанса, Портер Хафф (АҚШ) екінші, Такута Накамура (Жапония) үшінші болды.
Ал кешкі сессияда еліміздің кёрлинг шеберлері алғашқы ойынын өткізді. Мерей және Ибрагим Тастемір жұбы Аустрия құрамасындағы ЭммаМюллер мен Луис Хайнхичке 4-5 есебімен жеңіліп қалды.
Ертең 28 қаңтарда Мерей мен Ибрагим Германиядан келген құрдастарымен күш сынасады. Ойын астана уақытымен сағат 11:00-де басталады.
Қазір Қазақстан жалпы есепте 1 алтын, 2 қола медальмен 15-сатыда. Елімізге алғашқы алтынды Илья Мизерных сыйласа, Полина Омельчук (шорт-трек) пен хоккейден Ұлттық құрама қола медаль жеңіп алған. Жасөспірімдер Олимпиадасы 2 ақпанда мәресіне жетеді. Еске сала кетейік, IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасын Olympics.com Youtube арнасынан көре аласыздар.
Суреттердің авторы – Шамкен Байырбек, Нұрғали Жұмағазы, Сали Сабиров.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықКанвон-2024 Қазақстан үшін табысты қысқы Олимпиадаға айналды
Канвон-2024 – Қазақстан алтын алған алғашқы қысқы Олимпиада!
Олимпиаданың соңғы күні Қазақстан эстафетада сынға түсті