Іс-шаралар
Барлық іс-шара
Іс-шаралар күнтізбесі
XXV ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА – МИЛАН МЕН КОРТИНА-Д’АМПЕЦЦО
Ойын Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қаласында қатар өтеді. Бұл жайлы шешім 2019 жылғы 24 маусымда ХОК-тың Лозанна қаласындағы 134-сессиясында қабылданған. Бұл Апенин түбегінде өтетін 4-ші олимпия ойындары. Кортина д'Ампеццо 1956 жылғы қысқы Олимпиаданы қабылдаған, ал Миланда алғаш рет өтеді. Бұл екі қалада қатар өтетін алғашқы Олимпиада. Сонымен қатар ресми ашылу және жабылу салтанаты әр түрлі кешенде болатын екінші ойын (Сараево, 1984 жылы).
Толығырақ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ
«Сыбайлас жемқорлық картограммасы» жобасын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігі 2024 жылғы маусымда әкімдіктер мен орталық мемлекеттік органдар базасында мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында іске қосты. Қазіргі уақытта, мемлекеттік органдардың сайттарында үш бағыт бойынша мәліметтер көрсетіледі. Олар: 1) сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазымдар тізілімі; 2) салалар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі және сыртқы талдаулар нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесі; 3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы.
Толығырақ
ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ІІІ ОЙЫНДАРЫ
Кешенді жарыс 28 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Әзірбайжанның 6 қаласында өтеді. Бұл жолы 23 спорт түрінен медаль сарапқа салынады.
Толығырақ
CHENGDU 2025 – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРЫ
7-17 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында өтеді. Бұл кешенді жарыс қазір Халықаралық Олимпиада комитетінің қамқорлығымен ұйымдастыралады. Дүниежүзілік ойындар – Олимпиада бағдарламасына кірмейтін спорт түрлерін біріктіретін ең ауқымды кешенді жарыс.
Толығырақ
ИСЛАМ ЕЛДЕРІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ОЙЫНДАРЫ – RIYADH-2025
VI кешенді жарысты 6-15 тамыз аралығында Сауд Арабиясының астанасы Ар-Рияд қабылдайды. Қазір бұл ұйымға 57 мемлекет кіреді.
Толығырақ
Біздің жетістіктер