23.03.2023 | 22:03

Үстел теннисінен VI жазғы Спартакиада бел ортасына жетті

Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» үстел теннисі орталығында Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасы өтіп жатыр. Бүгінгі ойында үздіктер іріктеліп, солардың ішінде 12 спортшы келесі кезеңге жолдама алды.

Ерлер: Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Искандер Харки, Денис Жолудев, Владислав Захаров, Сағынтай Құрмамбаев, Бақдәулет Әкімәлі, Сергей Коновалов, Амир Торғайбеков, Темірлан Ким, Бекұлан Жамал, Сарвар Ирисалиев.

Әйелдер: Зәуреш Акашева, Сарвиноз Миркадирова, Анастасия Лаврова, Гулчехра Хусейнова, Жанерке Көшкімбаева, Алсу Сапарова, Ангелина Романовская, Анель Бахыт, Арай Ашкеева, Александра Смирнова, Алина Дубровская (Борисюк), Гулноза Камилжанова.

Айта кетейік, бәсекеде іліміздің кіл мықты спортшылары өнер көрсетіп жатыр. Сондай-ақ медальдар командалық есепте, жеке, жұптық және аралас разрядтарда сарапқа салынады. Үстел теннисінен Спартакиада 26 наурызға дейін жалғасады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес