29.10.2022 | invalid
Бөлісу:
Әлем чемпионаты: қазақстандық каратэшілер бүгін 2 алтын жеңіп алды
Бүгін Түркияның Конья қаласында WKF каратэден кадеттер, жасөспірімдер мен жастар арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатының 4-күні Қазақстан құрамасы 2 алтын және 1 қола медальге ие болды.
Кадеттер арасында кумите бағдарламасында 70 кг дейінгі салмақта Әлихан Қадырғали финалда Иордания спортшысын 7:0 есебімен ұтты. Әлиханның жеке бапкері – Берік Қасенов.
Ал жасөспірімдер арасында Максим Москвичев 61 кг дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірген жоқ. Жеке бапкері – Марат Әріпов (Алматы обысы). Сондай-ақ осы жас санатында Әлішер Тайжанов (+76 кг) қола медальге қол жеткізді. Оның жеке бапкері – Азамат Қойшыбаев (Жамбыл облысы).
Айта кетейік, ертең ӘЧ-ның соңғы күні тағы бір қазақстандық финалда, тағы біреуі қола медаль үшін таласады. Жалпы мұнда 104 елден 1900-ден астам татами шебері бас қосқан. Қазір Ұлттық құрама 3 жүлдемен (2 алтын, 1 қола) жалпы есепте 4-орында тұр. Көш басында 6 медалі (5 алтын, 1 қола) бар Жапония келе жатыр. Одан кейін Мысыр мен Түркия құрамасы жайғасқан.
Конья татамилеріндегі жекпе-жектерді мына сілтеме арқылы тамашалай аласыздар.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: