06.01.2023 | invalid
Бөлісу:
Әлем чемпионатына барар жол...
Ертең Катар астанасы Дохадағы «Лусаил Аренада» үстел теннисінен жекелей сындағы биылғы Әлем чемпионатына Азия құрлығының іріктеу кезеңі басталады.
Бір аптаға созылатын сында ел намысын Кирилл Герасименко, Айдос Кенжеғұлов, Алан Құрманғалиев, Искандер Харки, Зәуреш Акашева, Сарвиноз Миркадирова, Анастасия Лаврова, Айя Әлімбаева, Ангелина Романовская қорғайды. Бапкерлер қосыны – Эльмира Әлиева, Дмитрий Переверзев пен Дмитрий Левенко. Жалпы біздің теннисшілер жекелей (ерлер, әйелдер), жұптық (аралас және ерлер/әйелдер) сында бақ сынайды.
Айта кетейік, биылғы әлем чемпионатын Оңтүстік Африка Республикасының Дурбан қаласы 20-28 мамыр аралығында қабылдайды. Бұл 1939 жылдан кейін Африка құрлығында өтетін әлем чемпионаты болмақ.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҮСТЕЛ ТЕННИСІ: 50 ЖЫЛДАН КЕЙІН ҚАЙТАЛАНҒАН СИРЕК ЖАЙТ