30.06.2023 | 10:16
Бөлісу:
Алматыда ауыр атлетикадан VI жазғы Спартакиада аяқталды
Алматы қаласында маусымның 24-29 аралығында өткен ауыр атлетикадан ҚР VI жазғы Спартакиадасының қорытындысы бойынша ерлер арасында жалпы есепте Алматы қаласының (4 алтын, 2 күміс) спортшылары жеңіске жетті. Екінші орынды Қарағанды облысының (2 алтын, 1 күміс) командасы алды. Үшінші орын Жетісу облысының (1 алтын, 3 күміс, 1 қола) спортшыларына бұйырды. Ал әйелдер арасында Қарағанды облысы (3 алтын) жеңімпаз атанды. Жетісу облысы (2 алтын, 2 күміс, 4 қола) күміспен күптелсе, Ақмола облысы (2 алтын, 2 күміс, 1 қола) қоланы місе тұтты.
Жүлдегерлер кубоктар, медальдар және мақтау қағаздарымен марапатталды. Спартакиаданың жабылу рәсімі бүгін Республикалық спорт коллледжінде өтті. Еске сала кетейік, дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ге жуық зілтемірші қатысты.
«Биылғы Спартакиада өз мәресіне жетті. Енді бізді алда көп жарыстар күтуде. Атап айтсақ, халықаралық жарыстар. Демек, алдағы жыл аса тартысты болмақ», деді ҚР бапкерлер кеңесі төрағасының орынбасары Дәурен Бекмұханбетов. Назарларыңызға соңғы жарыс күнінің нәтижесін ұсынамыз:
Ерлер, 89 кг:
1. Асылжан Бектай 352 (160+192), Қызылорда облысы
2. Сергей Петрович 347 (161+186), Ақмола облысы
3. Егор Шерер 340 (160+180), Қостанай облысы
96 кг:
1.Әлішер Сейітқазы 344 (153+191), Алматы
2. Клим Башаргин 343 (154+189), Қарағанды облысы
3. Ренат Баударбеков 295 (135+160), Қостанай облысы
102 кг:
1. Кирилл Староверкин 350 (160+190), Қарағанды облысы
2. Данил Бетехтин 314 (139+175), Жетісу облысы
3. Темірлан Окашев 308 (138+170), ШҚО
109 кг:
1. Никита Абрахманов 355 (162+193), Қарағанды облысы
2. Сұлтан Мейрам 340 (150+190), Алматы
3. Иван Голушко 315 (140+175), ШҚО
109 келіден жоғары салмақ:
1. Ибрагим Берсанов 355 (165+190), Шымкент
2. Дмитрий Каплин 331 (151+180), ШҚО
3. Жанәлі Тұяқов 316 (140+176), СҚО
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықАУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
ЕДІГЕ ЕМБЕРДІ ИСПАНИЯДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОРАЛДЫ
Олимпиада жүлдегері мен әлем чемпионы елге оралды