30.08.2023 | 09:24

Алматыда үстел теннисінен WTT Contender Almaty халықаралық турнирі бастау алды

Бүгін Алматы қаласында үстел теннисінен WTT Contender Almaty халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 

3 қыркүйекке дейін  жоспарланған дүбірлі додаға әлемнің 33 елінен 150-ден астам спортшы қатысып жатыр. Айта кетейік, Қазақстан жыл сайын жүлде қоры 75 мың АҚШ долларын құрайтын Сontender сериясының әлемдік деңгейдегі рейтингтік турнирін қабылдайды.

ҚР үстел теннисі федерациясының бас хатшысы: «Бүгінгі таңда үстел теннисіне ден қойған жастарымыздың қатары көбейіп келе жатқаны қуантады. Халықаралық додаларда топқа түсіп жүрген спортшыларымыздың  нәтижесі де күн өткен сайын жақсара түсуде. Алматы төрінде бастау алған бұл жарыс тартысты өтеді деген үміттемін»,-деп айтты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес