25.05.2024 | 08:51
Бөлісу:
Анна Нурмухамбетова араға 12 жыл салып, Олимпиаданың күміс жүлдесіне ие болды
Ауыр атлетикадан Ұлттық құрама сапында сынға түскен Анна Нурмухамбетоваға Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Отандасымызға Перу астанасы Лимада спорттың осы түрінен өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында салтанатты түрде табыстады.
Еске сала кетейік, 2012 жылғы ойындарда Анна 69 кг дейінгі салмақта жалпы есепте 5-сатыға жайғасқан. Арада біраз уақыт өткенде жүлделер қайта үлестірілді. Марина Шкерманкова (Беларусь) мен Дина Сазановец (Беларусь) тыйым салынған препарат қолданғаны үшін спорттан шеттетілді. Олардың нәтижесі жойылып, Нурмухамбетова қола медаль алған.
Сосын, 2020 жылы күміспен күптелген румын атлеті Роксана Кокоштың сынамасы қайта тексеріліп, допинг анықталды. Кейін оның да нәтижесі жойылып, күмісін қайтарып берді.
Қайта медаль үлестіру кезінде Анна 2-сатыға көтеріліп, оның қоласы колумбиялық Убальдина Вальеске берілді.
Қазіргі есеп бойынша Қазақстан Лондон Олимпиадасынан 3 алтын, 2 күміс, 6 қоламен қайтты деген сөз.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықАУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
ЕДІГЕ ЕМБЕРДІ ИСПАНИЯДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОРАЛДЫ
Олимпиада жүлдегері мен әлем чемпионы елге оралды