15.10.2022 | invalid
Бөлісу:
Артём Антропов Азия чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді
Бүгін Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ерлер 96 келіге дейінгі салмақтағы жүлделерді сарапқа салды. Бұл сайыста Артём Антропов екі жаттығудың қорытындысында 377 келімен қола жүлдегер атанды. Ол алғашқы жұлқа көтеруде 158 киломен 7-сатыға жайғасқан. Ал шешуші сында 219 келімен жұлқа көтерудің алтынын мойнына тақты. Осылайша, ол үздік үштікті түйіндей алды.
Бұл салмақтағы тағы бір отандасымыз Нұрғиса Әділетұлы жүлдеге сәл жетпей 4-орынмен тоқтады (376 кг). Әділет жұлқа көтеруде 3-ші болған, алайда серпе көтеруде бір сатыға сырғып қалды.
Айта кетейік, осыған дейін Манамада Зульфия Чиншанло мен Асылжан Бектай жеңімпаз атанса, Арай Нұрлыбекова күміске қол жеткізіп, Айша Омарова мен Арли Чонтей қола жүлдеге ие болған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықАУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
ЕДІГЕ ЕМБЕРДІ ИСПАНИЯДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОРАЛДЫ
Олимпиада жүлдегері мен әлем чемпионы елге оралды