14.06.2022 | invalid

Ауыр атлетика: Ерасыл Сәулебеков әлем чемпионы атанды

Мексиканың Леон қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Ерасыл Сәулебеков 67 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Жас атлет қос жаттығу қорытындысы бойынша 281 келіні ырқыны көрдірді. Осы орайда ол зілтемірді жұлқа көтеруде 123, серпе көтеруде 158 килограмды еңсеріп, екі бағдарламада да қарсылас шақ келтірген жоқ. Күміс медальді түркиялық Аладдин Саин жеңіп алса (278 кг), қола польяк Бартош Бурскиге бұйырды (269 кг). Айта кетейік, бұл салмақта 10 ауыр атлет жүлдеге таласты.

Бәсекенің 3 күнінен кейін Қазақстан еншісінде 1 алтын, 2 қола медаль бар. Осыған дейін Александра Беленко (40 кг дейін) мен Ерасыл Омаров (55 келіге дейін) үздік үштікті түйіндеген.

Айта кетейік, 18 маусымға дейін жалғасатын Әлем чмпионатына 29 мемлекеттен 90 ер (10 салмақ) мен 33 елден 115 ару (10 салмақ) қатысып жатыр.

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес