14.10.2022 | invalid
Бөлісу:
Айша Омарова Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Бахрейн астанасы Манамада ауыр атлетикадан сары құрлық бәсекесі өтіп жатыр. Бүгін 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айша Омарова қола жүлдегер атанды.
Жалпы Айшаның еншісінде 2 медаль бар. Ол алғашқы жаттығуда 93 келімен 5-сатыға түсіп қалған. Алайда серпе көтеруде 124 килоны ырқына көндіріп, күміске қол жеткізді. Осының арқасында қоссайыс нәтижесінде (2017 кг) үздік үштікті түйіндеді.
Осы салмақтағы тағы бір қазақстандық Карина Құзғанбаева 7-орыннан көрінді (203 кг). Ирандық Сейедехельхам Хоссейни 227 келімен (102+125) чемпион атанды. Күмісті жапон Мотока Накадзима алды (223 кг).
Айта кетейік, осыған дейін Манамада Зульфия Чиншанло мен Асылжан Бектай жеңімпаз атанса, кеше Арай Нұрлыбекова күміске қол жеткізіп, Арли Чонтей қола жүлдеге ие болған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықАУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
ЕДІГЕ ЕМБЕРДІ ИСПАНИЯДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОРАЛДЫ
Олимпиада жүлдегері мен әлем чемпионы елге оралды