16.10.2022 | invalid
Бөлісу:
Айзада Мүптілда Азия чемпионы, ал Любовь Ковальчук қола жүлдегер атанды
Бүгін Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатының соңғы күні Қазақстан қоржынына тағы 2 медаль түсті. Әйелдер арасында 87 келіден жоғары салмақта Айзада Мүптілда чемпион атанды (277 кг). Ал Любовь Ковальчук қола жүлдеге қол жеткізді (266 кг).
Айзада жұлқа (120 кг) және серпе көтеруде де (157 кг) қарсылас шақ келтірген жоқ. Любовь алғашқы жаттығуда 115 келімен күміс алғанымен, келесі сында (151 кг) 3-орынға түсіп қалды.
Сары құрлық бәсекесінің қорытындысы бойынша Қазақстан ерлер құрамасы жалпы есепте 1-ші, әйелдер 3-орын алды. Сондай-ақ Зульфия Чиншанло осы Азия чемпионатындағы үздік зілтемірші атанды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықАУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
ЕДІГЕ ЕМБЕРДІ ИСПАНИЯДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОРАЛДЫ
Олимпиада жүлдегері мен әлем чемпионы елге оралды