23.12.2023 | 17:24
Бөлісу:
Биатлоннан Қазақстан Кубогының 2-кезеңі аяқталды
Бүгін Щучинск қаласында қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында биатлоннан ҚР Кубогының 2-кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Екінші жарыс күнінің нәтижесі бойынша ерлер 10 шақырым қашықтықта бақ сынады. Мұнда Сергей Сирик (СҚО) 29:39.6 секундта мәреге жетіп, жеңіске жетті. Екінші болып мәреге 30:05.6 уақытта Антон Башкиров (Ақмола облысы), одан кейін 30:17.1 уақытта Александр Бирюков (Ақмола облысы) жетті.
Әйелдер арасында 7,5 шақырымға жарыста Дарья Климина дес бермеді. Ол мәреге 22:16.2 секундта жетсе, одан Галина Вишневская-Шепоренко (+28.2 секунд) мен Надежда Пивоварова (25:08.9) келді.
Жасөспірімдер арасында 10 шақырым жарыста Ақмола облысының спортшысы Вадим Куралес (26:39.9 секунд) бірінші, ақмолалық Артем Афанасьев (27:33.5 секунд) екінші, ал Артур Каданцев (27:46.2 секунд) үшінші орынды иеленді.
Қыздар арасында алматылық Яна Чупик (25:12.1) кешегі қоласын бүгін алтынға айырбастады. ШҚО-дан келген Ульяна Ардалионова (25:27.2) күміс, Алема Карабаева (25:55.2) қола медаль алды.
Желтоқсанның 21-24 аралығында өткен Биатлоннан ҚР Кубогының екінші кезеңінде Абай, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысынан келген 100-ден астам спортшы өнер көрсетті. Жарысты қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының YouTube арнасы тікелей эфирде көрсетті.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықАқмолалық биатлоншылар ҚР Кубогының 2-кезеңін табысты бастады
Биатлоннан Қазақстан Кубогының алғашқы кезеңі аяқталды
Щучинскте биатлоннан ҚР Кубогының алғашқы кезеңі басталды