25.11.2023 | 19:02
Бөлісу:
Щучинскте биатлоннан ҚР Кубогының алғашқы кезеңі басталды
Бүгін Щучинск қаласындағы қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында биатлоннан ҚР Кубогының 1-кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бірінші күні спринтерлік жарысқа Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласынан 110-ға жуық спортшы қатысты.
Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша ерлер құрамасы 7,5 км қашықтықта өнер көрсетіп, арасынан алматылық Темірлан Төлегенов көш бастады. Ол мәреге 20:33.1 уақытта келсе, екінші болып ақмолалық Антон Башкиров 22.4 секундтан кейін, 20:55.5 уақытта мәре сызығына жетті. Қарағандылық Владимир Батрынча 22:06.0 уақытта үздік үштікке енді.
«Бүгін шаңғымен жарыста өзімді жақсы сезіндім. Кей жерді мұз басып қалыпты. Әсіресе, еңістерде қатты білінді. Ондай жағдайларда кең адымдар жасап, қолмен көп серпілген дұрыс. Осы тактиканы ұстандым. Осы жарыста нысана көздеудегі көрсеткіш көңілімнен шықпады. Кубокқа Риддер қаласында дайындалдық. Онда оқ ату айлығы жоқ. Тек шаңғы жарысына көңіл бөлдік. Мұнда 3 күн бұрын келіп, атуды шыңдап жатырмыз. Бәріміз Кубок халықаралық жарыстарда іріктеу екенін жақсы білеміз. Ешкім аянып қалып жатқан жоқ»,-деді Кирилл Зотов Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қзыметіне берген сұхбатында.
Әйелдер арасында 6 шақырым жарыста Елизавета Белецкая мәреге бірінші жетті. Оның уақыт көрсеткіші 19:28.4 секунд. Дарья Климина 2,8 секундтан кейін (19:31.2) жетсе, Надежда Пивоварова 20:09.0 секундпен бәсекені үшінші болып аяқтады.
«Тұрып нысана көздеу кезінде жел күшейді. Соның салдарынан 4 оғым шеңберге тимей қалды. Жалпы нәтижеге көңілім толмайды. Жарыс жолын жақсы дайындап үлгеріпті. Ешкім құлаған жоқ. Иә, кей жерлерге мұз қатқан. Ондай аймақтарды айналып өттік. Ертең көрсеткішімді жақсартам»,-деп айтты Алматы облысының биатлоншысы Аяулым Ринатқызы.
Жасөспірімдер арасында 7,5 шақырым сында Владислав Малыков (20:43.8 секунд) топ жарса, Евгений Литвинов 17,5 секундқа кешігіп (21:01.3) күміс жүлдеге ие болды. Қола Артур Каданцевтің (21:22.9 секунд) еншісінде.
«Бұл жарысқа «Алатау» базасында дайындықты пысықтап келдік. Шаңғымен жарыста үздіктер қатарында едім. Алайда он оқтың алтауын ғана дәл тигіздім. Көрсеткішім осы себепті төмендеп қалды. Қазір бапкеріммен ақылдасып, кем-кетіктерді талқылаймыз»,-деді Алматы қаласының спортшысы Марғұлан Байболды
Қыздар арасында 6 шақырымды Софья Унжакова (20:16.6) бірінші бағындырды. Одан кейін Ульяна Ардалионова (20:44.0) мен Екатерина Мусохранова (20:49.7) тұғыр биігіне көтерілді.
Ертең, 26 қараша – еліміздің мылтық асынған шаңғышылары үшін шешуші күн. Спортшылар тағы да спринт дисциплинасында кім мықтыны анықтайды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБиатлоннан Қазақстан Кубогының 2-кезеңі аяқталды
Ақмолалық биатлоншылар ҚР Кубогының 2-кезеңін табысты бастады
Биатлоннан Қазақстан Кубогының алғашқы кезеңі аяқталды