13.03.2023 | 14:20
Бөлісу:
Біздің гимнастар «Афродита Кубогында» 6 медальге ие болды
Бүгін Грекия астанасы Афиныда көркем гимнастикадан VIII «Афродита Кубогы» атты халықаралық турнир аяқталды.
Бұл бәсекенің жекелей сынында Ұлттық құраманың 3 спортшысы жүлдеге қол жеткізді. Эрика Жайлауова ұршықпен өнер көрсетуде қола жүлдегер атанса, шығыршықпен көрсеткен жаттығуда 7-ші, лентамен өнер көрсетуде 8-орыннан көрінді. Ал Милана Парфилова шығыршықпен және доппен өнер көрсетуде финалға жетіп, қос бағдарламада да күміс жүлде жеңіп алды. Сондай-ақ жастар арасында Айым Мейіржанова лентамен жаттығу көрсетіп, қола жүлдеге қол созды. Оның еншісінде 25.850 балл бар.
Командалық сайыста (Айдана Шаяхметова, Аяулым Қадыр, Аружан Қасенова, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Әсел Шүкірбай) қазақстандықтар 3+2 бағдарламада (3 гимнаст лентамен, екеуі доппен) 25.800 ұпай жинап, 2-орын алды. Бұл сында жарыс қожайыны Грекия топ жарса, үздік үштікті АҚШ құрамасы түйіндеді.
Қазақстан қоржынына соңғы медальді топтық сайыста жастар салды. Олардың финалдағы лентамен көрсеткен бағдарламасына төрешілер 28.050 балл берді. Осылайша, Қазақстан құрамасы Италия мен Болгариядан кейін тұғыр сатысына көтерілді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕЛЖАНА ТАНИЕВА ФИНАЛҒА ШЫҒА АЛМАДЫ
ЕЛЖАНА ТАНИЕВА ҮШІН ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ