29.06.2022 | 17:13
Бөлісу:
Әлем чемпионаты: ашық айдында жүзуден қазақстандықтардың нәтижесі
Мажарстан астанасы Будапеште су спорты түрлерінен XIX Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде атлеттер жүзу (бассейн), суға тұғырдан секіру, су добы, көркем жүзу мен ашық айдында жүзуден жүлдеге таласпақ. Назарларыңызға айдында жүзген отандастарымыздың нәтижесін ұсынамыз.
Он шақырымға жарысқан Лев Черпанов 51-сатыдан көрінді. Уақыты – 2:08:15.00. Итальян Грегорио Пальтриньери (1:50:56.80) дес бермей, чемпион атанса, отандасы Доменико Ачеренца (1:50:58.20) күміс медаль иеленді. Үздік үштікті германиялық Флориан Велльброк (1:51:11.20) түйіндеді.
Ал әйелдер арасында 10 шақырымға жүзуде қазақстандық Диана Тасжанова 36-орын алды. Уақыты – 2:09:40.70. Нидерланды өкілі Шэрон Ван Раувендал (2:02:29.20) алдына жан салмаса, германиялық Леоние Бек (2:02:29.70) күміс, бразилиялық Анна Марсела Кунья (2:02:30.70) қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, іріктеуге 22 елдің жүзгіштері тіркелген.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЛЕВ ЧЕРЕПАНОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
АШЫҚ АЙДЫНДА ЖҮЗУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 6 ОТАНДАСЫМЫЗ ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСАДЫ