28.12.2022 | invalid

Керемет серия! Динара Сәдуақасова – жылдам шахматтан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Бүгін Динара Сәдуақасова шахматтың рапид түрінен Алматыдағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Қазақстандық ойыншы мен қытайлық Тань Чжунъи 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинап, тай-брейкте шеберлік байқасқан. Шешуші кездесуде Тань Чжунъидің мерейі үстем түсті. Ал қола жүлде үндістандық Савита Шриге бұйырды.

Алғашқы жарыс күнінен кейін Динара 4 тең ойынмен турнир кестесінің ортасында кел жатқан. Алайда бүгін қарқынына-қарқын қосып, 6 ойында қатарынан жеңіске жетті.

Қалған қазақстандық шахматшылардан Жансая Әбдімәлік бесінші, Алуа Нұрманова – 23-ші, Әмина Қайырбекова – 26-шы, Бибісара Асаубаева 29-орынға табан тіреді. Сондай-ақ алғашқы күні мамандарды таңғалдырған жас шахматшымыз Зейнеп Сұлтанбек 31-ші, Зарина Нұрғалиева 35-ші сатыға тұрақтады.

Есіңізде болса, былтырғы Польша астанасы Варшавада өткен Әлем чемпионатында 18 жастағы отандасымыз Бибісара Асаубаева дәл осы рапид шахматтан күміске ие болған. 

Айта кетейік, Әлем чемпионаты 30 желтоқсанда аяқталады. Барлық нәтижені Worldrapidandblitz2022.fide сайтынан көре аласыздар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес