08.02.2024 | 18:49
Бөлісу:
Кирилл Староверкин жұлқа көтеруде қола медаль иеленді
Бүгін ауыр атлетикадан Ташкенттегі Азия чемпионатында ерлер арасында 96 келіге дейінгі салмақтың үздіктері анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Мұнда Ұлттық құрама спортшысы Кирилл Староверкин жұлқа көтеруде 150 келіні басынан асырып, осы жаттығуда қола медаль иегері атанды. Ал серпе көтеруде 180 келіні бағындырған ол қоссайыс қорытындысында 330 келі көрсеткішпен 4-орынға тұрақтады. Жалпы есепте Оңтүстік Корея атлеті Вон Йон Бём 367 кг көрсеткішпен (161+205) чемпион атанды. Күміс өзбекстандық Суннатилла Усаров 346 кг (161+185), қола қырғыз спортшысы Нұрсұлтан Тармаловтың (333 кг, 149+184) еншісінде.
Есіңізге сала кетейік, әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында Сайрамкез Ақмолда (67 кг) мен Александр Уваров (81 кг) жеңіп алған күміс жүлде бар.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықАУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
ЕДІГЕ ЕМБЕРДІ ИСПАНИЯДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОРАЛДЫ
Олимпиада жүлдегері мен әлем чемпионы елге оралды