29.09.2023 | 10:54
Бөлісу:
Көгалдағы хоккейшілер алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Қытайдың Ханчжоу қаласындағы ХІХ жазғы Азия ойындарында көгалдағы хоккейден топтық кезең ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
В тобына түскен Қазақстан әйелдер құрамасы Индонезияны 2-1 есебімен тізе бүктіріп, сәтсіз серияға нүкте қойды. Гол авторлары: Виктория Лобанова мен Вера Домашнева. Нұржан Бейбітов баптайтын ойыншылар осыған дейін Таиланд пен Қытай құрамасынан жеңілген.
Енді шешуші турда 3 қазанда Қазақстан хоккейшілері Жапония командасымен ойнайды.
Айта кетейік, көгалдағы хоккейден Ұлттық құрама алғаш рет 1998 жылы Бангкоктағы Азиадада бақ сынаған. Үздік нәтижесі 6-орын (Инчхон, 2014 жыл), (Бангкок, 1998 жыл). Сондай-ақ Қазақстан 1999 бен 2017 жылдар аралығында Азия Кубогына 5 мәрте қатысып, 5-орыннан жоғары көтерілмеген.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҚазақстан – Азия Кубогының қола жүлдегері
Қазақстан финалға шығу мүмкіндігін сақтап қалды
Қазақстан құрамасы Азия Кубогының жартылай финалында
Индорхоккейден команда Азия Кубогының күміс жүлдегері атанды