26.01.2024 | 18:03

Күраштан Қазақстан чемпионаты басталды

Астанадағы «Аспан» спорт кешенінде күраш күресінен жасөспірімдер мен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарысқа еліміздің 15 өңірінен 300-ден аса палуандар қатысып жатыр. Чемпионат қорытындысы бойынша 25 маусым - 7 шілде аралығында Ресей Федерациясының Якутск қаласында өтетін «Азия балалары» VII халықаралық ойындарына қатысатын жасөспірімдер құрамасы жасақталады. Ал ересектер қараша айында Таиланд елінде өтетін жабық кешендегі VI Азия ойындарында ел намысын қорғайтын спортшыларды анықтайды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес