29.03.2024 | 13:48
Бөлісу:
Туризм және спорт министрлігінің Кубогын Ақтөбе қаласы қабылдайды
Биылғы спорт саласындағы оқу орындары арасындағы ҚР Туризм және спорт министрлігі Кубогының жүлдегерлері алғаш рет еліміздің батыс өңірінде – Ақтөбе қаласында анықталады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Дәстүрге айналған кешенді жарыс 13-19 сәуір аралығында бокс, таеквондо, еркін және грек-рим күресі, дзюдодан өтеді. Осыған дейінгі кешенді жарыс Астана мен Талдықорған қаласында ұйымдастырылып, екеуінде Астана қаласының Қ.Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі жеңімпаз атанған.
Оқу орындары әдеттегідей осы жолы 4 топқа бөлінеді (A, B, C және D). Әр топтағы командалар айналмалы жүйе бойынша бір-бірімен кездеседі. Топта 1-орын алған команда жартылай финалға өтеді, онда А тобының жеңімпаз командасы С тобының үздігімен, ал В тобының жеңімпазы D тобында топ жарған командамен сынға түседі. Командалық орындардың қорытындысы айтылған 5 дисциплина бойынша жеңіп алған медальдар сапасы бойынша анықталады.
Алдын ала өтініштер 10 сәуірге дейін (a.nurmukhanbetov@msm.gov.kz электронды поштасында) қабылданады. Толық ақпарат пен өтініш үлгісін мына жерден жүктеп ала аласыздар.
Ал команда құрамы және спорт түрлері бойынша шарттарды осы жерден көре аласыздар.
Турнирдің регламенті мына сілтемеде.
Бәсекенің бас төрешісі – ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің спорт резерві басқармасының басшысы Аманбай Нұрмұханбетов. Жарыс хатшысы – ТСМ Спортты дамыту дирекциясы бұқаралық жарыстарды өткізу бөлімінің маманы Асқар Қадыров.
Суреттер: Спортты дамыту дирекциясы.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: