16.05.2024 | 21:22
Бөлісу:
Милад Карими Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Спорттық гимнастикадан Ташкентте (Өзбекстан) басталған лицензиялық Азия чемпионатының алғашқы күнінде атақты Милад Карими көпсайыс бағдарламасында күміс жүлдеге болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
24 жастағы Милад Каримидың бұл сары құрлықтағы 6-шы жүлдесі. Бұған дейін ол әр жылдары 1 күміс, 4 қола жүлде жеңіп алған.
1. Карлос Юло – Филиппин (2 дүркін Әлем чемпионы) — 84,931 ұпай
2. Милад Карими — 84,632 ұпай
3. Абдулла Азизов (Өзбекстан) — 82,431 ұпай
Дәл осы жеке сайыста Париж Олимпиадасының 1 жолдамасы сарапқа салынған. Алайда отандасымыз 79,598 ұпай жинап, бұл мүмкіндіктен айырылды. Ал лицензия Абдулла Азизовқа бұйырды.
Ерлерден бөлек, жасөспірімдер арасында да жарыс өтеді. Бәсеке 19 мамырға дейін жалғасады. Одан кейін әйелдер сынға түседі.
Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: