22.04.2023 | 10:54

Милад Карими көпсайыста чемпион атанса, Спартакиаданың жекелей сынында Ильяс Азизов үздік шықты

Алматы қаласында спорттық гимнастикадан VI жазғы Спартакиада аяқталды. Бәсекенің шешуші күні жарыс жолына ерлер шықты. Әуелі көпсайыс нәтижесіне тоқталайық:

Спорт шеберлері арасында:

Милад Карими (Алматы қаласы, 169,700 балл)

Ильяс Азизов (Алматы, 160,183 балл)

Диас Тойшыбек (Шымкент, 154,526 балл)

Спорт шеберлігіне үміткерлер:

Нұртан Ыдырысов (Павлодар, 150,800 балл)

Алтынхан Темірбек (Шымкент, 148,616)

Роман Хегай (Павлодар, 145,000)

Ересектер арасындағы І разряд (15 жасқа дейінгі гимнастар):

Илья Зайцев (Қостанай облысы, 125,436 балл)

Андрей Терман (Алматы, 101,080 балл)

Богдан Громов (Шымкент, 100, 340)

Ересектер арасындағы ІІ разряд (13 жасқа дейінгі гимнастар):

Кирилл Лоренц (Қостанай облысы, 127,100)

Темірлан Бажақов (Қостанай облысы, 124,870)

Руслан Ивченко (Қостанай облысы, 124,170)

Ересектер арасындағы ІІ разряд (12 жасқа дейінгі гимнастар):

Мансұр Сәбитов (Қостанай облысы, 107,750)

Әмір Ғалиев (Абай облысы, 103, 000 балл)

Әділхан Байдалинов (Абай облысы, 102,250)

Ал 6 жаттығудан тұратын командалық көпсайыста Ұлттық құрама спортшыларынан жасақталған Алматы қаласы топ жарды. Олар барлығы 1031,812 ұпай жинады. Шымкент қаласының гимнастары сәл есе жіберіп (1015, 579), күміс медаль иегері атанса, қола Павлодар облысына (942, 617 ұпай) бұйырды.

Жекелеген сындарда Ұлттық құрама мүшесі Ильяс Азизов қарсылас шақ келтірген жоқ. Ол 6 снарядтың төртеуінде алтыннан алқа тақты.

Айта кетейік, 4 жыл бұрын дәл осы Алматыда өткен спорттық гимнастикадан V Спартакиадада әйелдер арасында жалпы есепте Алматы қаласы 1-орын алса, Қарағанды мен Астана одан кейінгі сатыға жайғасқан. Сондай-ақ ерлер арасында да Алматы қаласы топ жарса, Шымкент қаласы екінші, Павлодар облысы үшінші орынға ие болған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес