19.05.2024 | 18:35

Милад Карими алғаш рет Азия чемпионы атанды

Ұлттық құрама көшбасшысының бірі Милад Карими Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Милад бүгін кермедегі жаттығуда ең көп ұпай жинап (15.033 балл), биылғы сары құрлық додасындағы 3-жүлдесіне қол жеткізді. Ол осыған дейін көпсайыс пен еркін жаттығуда күміс медаль алған. Жалпы 24 жастағы Миладтың бұл ересектер арасында құрлық чемпионатындағы 8-жүлдесі (1 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль).

Бүгінгі кермедегі сайыста күміс пен қола қытайлық гимнастың еншісінде.

Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес