31.07.2024 | 23:01
Бөлісу:
МИЛАД КАРИМИ КӨПСАЙЫСТЫҢ ФИНАЛЫНДА СЫНҒА ТҮСТІ
Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы көпсайыста жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Милад Карими 76.065 ұпай жинап, 24-орын алды.
Шығыршық – 12.933 балл
Тіреніп секіру – 14.400 балл
Қос сырық – 14.066 балл
Керме – 12.700 балл
Еркін жаттығу – 13.433 балл
Ат снаряды – 8.533 балл
Милад бірнеше күн бұрын көпсайыстан іріктеуде 82.065 ұпаймен (18-орын) ақтық сынға шыққан. Айта кетейік, жекелеген сындағы көпсайыстың финалында 24 гимнаст сынға түсті.
Алтын Синносукэ Оканың (Жапония) еншісінде кетті. Күміс Джан Боен (Қытай), қола Сяо Жотенге (Қытай) бұйырды.
Енді Милад 2 тамызда еркін жаттығудың финалында жүлдеге таласады. Отандасымыз іріктеуде 14.433 ұпайдың арқасында үздік сегіздікке кірген.
Бұл Милад қатысқан екінші олимпия ойындары. Каримидің Токиодағы көрсеткіші:
Көпсайыс (финал) 14-орын
Еркін жаттығу (финал) 5-орын
Керме жаттығуы (финал) 8-орын
Суреттер: Тұрар Қазанғапов.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: