01.10.2023 | 21:54
Бөлісу:
Милад Карими Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
Спорттық гимнастикадан Ұлттық құрама көшбасшысының бірі Милад Карими Бельгияның Антверпен қаласында өтіп жатқан əлем чемпионатында Париж Олимпиадасының жолдамасына иелік етті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Милад бүгінгі жарыс нәтижесінде көпсайыстан жеке өзіне лицензия берілген 8 гимнастың бірі. Қалғандары мыналар: Артем Долгопят (Израиль), Артур Давтян (Армения), Кристофер Мезарош (Мажарстан), Хо Джун Ли (Оңтүстік Корея), Диего Соарес (Бразилия), Люк Вандеркейбус (Бельгия), Андрей Мунтян (Румыния).
Бұдан бөлек Бразилия, Бельгия мен Оңтүстік Кореяның Ұлттық федерациясы бір жолдамаға қол жеткізді. Бір айырмашылығы, бұл елдер Парижге қай спортшыны апаратыныны өздері шеше алады. Яғни, атлеттің нақты өзіне үлестірген жоқ.
Алдағы күндері Милад əлем чемпионатында көпсайыста, еркін жаттығуда, керме жаттығуының финалында жүлдеге таласады.
Командалық жаттығу қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы лицензияға иелік ете алмады. Бүгін барлық 12 ел анықталды. Олар: Қытай, Жапония, Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Германия, Италия, Швейцария, Испания, Түркия, Нидерланд, Украина.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: