12.03.2023 | 18:00
Бөлісу:
Міне керемет! Нариман Құрбанов Бакудегі Әлем Кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды
Бүгін Əзірбайжан астанасы Бакуде спорттық гимнастикадан Əлем Кубогының 3-кезеңі мәресіне жетті. Шешуші жарыс күні Ұлттық құрама көшбасшысы Нариман Құрбанов ат снарядында жеңімпаз атанды. Отандасымыздың өнеріне төрешілер 15.300 ұпай берді. Күміс медальге қазіргі әлем чемпионы ирландиялық Риз МакКленаган, қолаға албаниялық Матвей Петров ие болды. Қазақстандық спортшының финалдағы жаттығуын мына жерден көре аласыздар.
Бұл Нариманның осы маусымда ат снарядындағы 3-жүлдесі. Ол 10 күн бұрын Дохада өткен Әлем Кубогының 2-кезеңінде алтын алған. Ал Германияның Котбус қаласындағы алғашқы кезеңде үздік үштікті түйіндеген. Осыған дейін қазақстандық гимнастар бір маусымда 2 алтын медальге қол жеткізбеген еді.
Айта кетейік, кеше Бакуде еркін бағдарламада Милад Карими үздік атанған. Қазақстан құрамасы лицензиялық бұл кезеңді 2 алтын жүлдемен аяқтады. Әзірбайжан астанасындағы кезеңге 32 елдің 32 елден 57 атлеті(32 ер, 25 әйел) жиналды.
Әлем Кубогының осы маусымдағы соңғы кезеңі Каирде өтеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: