17.05.2024 | 15:07

Миркадирова мен Лаврова лицензиялық турнирдің алғашқы айналымында сүрінді

Өзбекстан астанасы Ташкентте үстел теннисінен Орталық Азия елдерінің олимпиадалық іріктеу турнирінде Сарвиноз Миркадирова мен Анастасия Лаврова топтық кезеңдегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Миркадирова тартысты ойында жарыс қожайынынан ұтылса, Лаврова ирандық қарсыласынан айласын асыра алмады.

Әйелдер. Топтық айналым. 1-матч

Сарвиноз Миркадирова – Розалина Хаджиева 3:4

Анастасия Лаврова – Неда Шахсавари 1:4

Алдағы күндері топта Ұлттық құрама спортшылары тағы екі матчта бақ сынайды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес