05.11.2022 | invalid
Бөлісу:
Нариман Курбанов Әлем чемпионатында 4-орын алды
Нариман Курбанов Ливерпуль қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем чемпионатында ат снарядындағы жаттығуда 4-ші нәтиже көрсетті (14.533 ұпай). Қазақстандық гимнаст қола жүлдегер атанған 38 жастағы армениялық Арутюн Мердинян 0.200 ұпай қалып кетті.
Бүгінгі сында Рис Мак Кленаган Ирландияға бірінші алтынды тарту етсе, Ахмад Әбу Әл-Суд Иорданияға Әлем чемпионатының алғашқы медалін сыйлады.
Бұл қазақстандық гимнастардың 1997 жылдан бері Әлем чемпионатындағы ең жақсы көрсеткіші. Ол кезде Сергей Федорченко Лозаннадағы додада ағаш аттан секіруден чемпион атанған. Бұл біздің әзірге жалғыз жүлдеміз.
Айта кетейік, Нариман осыған дейінгі Әлем Кубогы кезеңдерінде бірнеше жүлдеге қол жеткізген. Мәселен, Парижде өткен 4-кезеңде осы ат снарядында күміс, Самботхейдегі 5-кезеңде алтын медаль жеңіп алды.
Сәл ертеректе Милад Карими еркін жаттығудың финалында өнер көрсетіп, 8-сатыдан көрінді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: