28.09.2023 | 14:44

Нариман Курбанов – Азия ойындарының қола жүлдегері

Гимнаст Нариман Курбанов Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама көшбасшысының бірі ат снарядында өнер көрсетіп, 15.100 балл жинады. Бұл 25 жастағы спортшының сары құрлық Олимпиадасындағы алғашқы жүлдесі. Ол 2018 жылғы ойындарға қатысып, ат снарядында 6-орыннан көрінген. Енді бірнеше күннен кейін Нариман Бельгияда өтетін әлем чемпионатында бақ сынайды.

Алтын медаль Джакартадағы Азиаданың жеңімпазы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ли Чжигайдың (Тайпей) еншісінде кетсе (15.500 балл), күміс жүлдені жапон атлеті Рета Цумура (15.166 балл) жеңіп алды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес