12.05.2023 | 13:32

Нұрғиса Әділетұлы Азия чемпионы атанды

Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін 102 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Нұрғиса Әділетұлы алтын медаль жеңіп алды. Ол серпе көтеруде 181 келімен аяқтап, осы бағдарламада кіші күміс алды. Ал жұлқа көтеруде барын салып, 219 кг зілтемірді ырқына көндіре алды. Бұл осы жаттығудағы алтын жүлде. Жалпы есепте 400 келімен топ жарды.

Жеңімпаздың жарыстан кейінгі сұхбатын мына жерден көре аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрғиса былтыр Колумбия астанасы Боготада өткен Әлем чемпионатында қос сайыс нәтижесінде 383 кг (174+209) зілтемірді көтеріп, күміс медаль жеңіп алған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес