05.10.2023 | 10:39

Нұрқанат Әжіқанов финалда күш сынасады

WKF каратэден Ұлттық құрама спортшысы Нұрқанат Әжіқанов Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол жартылай финалда Малайзия өкілі Рагоназан Шармендранды 4:3 есебімен жеңді. Оған дейін Нұрқанат алғашқы айналымда Мұхаммед Шекху Аламнан (Непал), ширек финалда қырғыз спортшысы Назым Нұрлановтан айласын асырған.

Нұрқанат 2021 жылы Токио Олимпиадасында ел намысын қорғаған, әлем чемпионатында 2 мәрте қола жүлде жеңіп алған, 3 дүркін Азия чемпионы.

Айта кетейік, каратэден жүлде үшін жекпе-жектер елорда уақытымен сағат 12:00 мен 16:00 аралығында өтеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес