08.09.2023 | 10:54
Бөлісу:
Пхёнчханда үстел теннисінен ХХVI Азия чемпионаты аяқталды
Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында үстел теннисінен ХХVI Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Назарларыңызға Ұлттық құрама спортшыларының нәтижесін ұсынамыз.
Жекелей сын (ерлер):
1. Кирилл Герасименко Вонг Чунг Тингке (Гонконг, әлем рейтингінде 50-орында) есе жіберіп, 1/8 кезеңге шыға алмады.
2. Алан Құрманғалиев Лин Юн Джуға (Тайпей, әлемнің 7-ракеткасы) есе жіберіп, 1/8 кезеңге шыға алмады.
3. Владислав Захаров Гонконг өкілі Лам Сю Хангқа (122-орында) жол жіберіп, 1/16 кезеңге шыға алмады.
4. Айдос Кенжеғұлов үндістандық Ганасэкаран Сатиян (101-орын) жол жіберіп, 1/32 кезеңге шыға алмады.
Жекелей сын (әйелдер):
1. Зәуреш Акашева жапониялық Хина Хаятаға (әлемнің 7-ракеткасы) есе жіберіп, 1/8 кезеңге шыға алмады.
2. Анастасия Лаврова қытайлық Чен Мэнгтен (әлемнің 2-ракеткасы, Олимпиада және әлем чемпионы) ұтылып, 1/8 кезеңге шыға алмады.
3. Ангелина Романовская Шин Юбинге (Оңтүстік Корея, 9-ракетка) жол жіберіп, 1/16 кезеңге шыға алмады.
4. Сарвиноз Миркадирова үндістандық Акула Срееяға (әлемнің 88-ракеткасы) жол жіберіп, 1/32 кезеңге шыға алмады.
Жұптық сын (ерлер):
1. Айдос Кенжеғұлов/Владислав Захаров 1/16 кезеңге шыға алмады.
2. Кирилл Герасименко / Алан Құрманғалиев 1/16 кезеңге шыға алмады.
Жұптық сын (әйелдер):
1. Зәуреш Акашева / Анастасия Лаврова 1/4 кезеңге шыға алмады.
2. Сарвиноз Миркадирова / Ангелина Романовская /4 кезеңге шыға алмады.
Жұптық сын (микст):
1. Кирилл Герасименко / Анастасия Лаврова 1/8 кезеңге шыға алмады.
2. Айдос Кенжеғұлов/ Зәуреш Акашева 1/8 кезеңге шыға алмады.
Осыған дейінгі командалық сында Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы ширек финалға шығып, Азия құрлығынан командалық әлем чемпионатына жолдама алған. Келесі жылғы бәсеке ақпанда Оңтүстік Кореяның Пуссан қаласында өтеді.
«Біз үшін Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Тайбей, Гонконг сынды әлемдік деңгейдегі мықты құрамаларға лайықты қарсылық көрсетіп, жақсы нәтиже көрсетті. Біздің ерлер және әйелдер құрамамыз ширек финалға шығып, командалық әлем чемпионатына жолдама алды. Енді Пуссандағы жарысқа мықтап дайындаламыз. Ойыншыларымыздың көрсеткіші жақсарып келе жатыр. Десе де көптеген тактикалық және техникалық қате бар. Алдағы Азия ойындары қарсаңындағы оқу-жаттығу жиыны барысында сол кемшіліктерді түзеуге тырысамыз. Біз Азиадада алғаш рет өнер көрсеткелі тұрмыз. Қытайда бұдан да жоғары нәтиже көрсетуге барымызды саламыз. Бапкерлер қосыны атынан осы чемпионатқа дайындық жұмыстарына қолдау көрсеткені үшін Спортты дамыту дирекциясына алғыс айтамын»,-деді Ұлттық құраманың бас бапкері Эльмира Алиева.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҮСТЕЛ ТЕННИСІ: 50 ЖЫЛДАН КЕЙІН ҚАЙТАЛАНҒАН СИРЕК ЖАЙТ