04.10.2023 | 14:29

Қазақстан әйелдер құрамасы плей-офф кезеңінде Таиландтан жеңілді

Волейболдан еліміздің әйелдер құрамасы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында Таиландқа есе жіберді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Плей-офф сатындағы матчта тай волейболшылары Ұлттық құрамаға еш мүмкіндік берген жоқ. Есеп: 18-25, 12-25, 11-25. Матч бір сағат 11 минутқа созылды.

Қазақстан сапындағы нәтижелі ойыншылар – Кристина Аниконова (8 ұпай) мен Татьяна Никитина (7 ұпай). Қарсыластың 28 жастағы шабуылшысы Айчарапорн Конгёт кездесудегі көп ұпай жинаған ойыншы (15).

Алдағы күндері Ришат Гилязутдинов шәкірттері Тайпэй құрамасымен кім мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, Таиланд құрамасы – алдыңғы Джакартада өткен Азиаданың күміс жүлдегері.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес