08.06.2022 | invalid
Бөлісу:
Қазақстан құрамасы 2-ойында Өзбекстанды жеңді
Индонезия астанасы Джакартада әйелдер арасында көгалдағы хоккейден Азия ойындарына іріктеу турнирі өтіп жатыр. Сингапур, Қазақстан, Гонконг (Қытай), Шри-Ланка, Камбоджа, Өзбекстан, Индонезия құрамасы басталды. 14 маусымға дейін жолдама иегерін анықтамақ.
Бүгін Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен ойнап, қарсылас қақпасына жауапсыз екі гол соқты.
Нұржан Бейбітов баптайтын Қазақстан құрамасы алғашқы ойында алаң иесі Индонезияны ұтса (0:1), Өзбекстан қыздары Гонконгтен оңбай ұтылды (0:4).
Айта кетейік, XIX жазғы Азия ойындары биыл 10-25 қыркүйек аралығында Ханчжоу қаласында (Қытай) өтуге тиіс еді. Алайда Азия Олимпиада кеңесі (OCA) індеттің өршуіне байланысты кешенді бәсекені белгісіз мерзімге шегерді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҚазақстан – Азия Кубогының қола жүлдегері
Қазақстан финалға шығу мүмкіндігін сақтап қалды
Қазақстан құрамасы Азия Кубогының жартылай финалында
Индорхоккейден команда Азия Кубогының күміс жүлдегері атанды